05.05.2017Акушер күні
5 мамыр Халықаралық акушерлер күні құрметіне Петропавл қ. «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК базасында «Әйелдер мен нәрестелер – акушерияның негізі» конференциясы өткізілді. Конференцияны «Парыз» мейірбике ісі мамандарының республикалық ассоциациясы Солтүстік Қазақстан филиалының «Акушер ісі» мамандандырылған секциясы өткізді.
Ұранда негізгі сөздер белгіленген, ол — пациенттеріміз, біздің іс-әрекеттеріміз олардың өмірінің толыққанды сапасын және өмірді танып-білуін, ана болу бақытын, махаббатта өмір сүруді және берік өзара отбасылық қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған.
«Акушер ісі» мамандандырылған секциясы босандыру мекемесі қызметінің заманауи жағдайлардағы негізгі бағыттары отбасын жоспарлау және әйелдердің репродукциялық денсаулығын сақтау, қауіпсіз ана болу және құрсақтағы бала мен жаңа туылған нәрестені перинаталдық қорғау болып табылатындығына назар аударып отыр. Сондықтан ондағы акушерлердің атқаратын рөлі өте зор. Акушер кәсібі — нағыз өнер. Бұл екі адамның тағдыры үшін бір уақытта аяушылық білдіру, қайсарлық көрсету, жауапкершілікпен қарау өнері.
Конференцияда «Бүкіл әлем акушердің қолында...» тақырыбы бойынша презентациялар ұсынылды — аталмыш мерекенің мәні, өз кәсібі және әріптестері жайында «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-ның бас акушері И.Ф.Блохина баяндады.
«Акушериялық қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек» тақырыбы бойынша 3-ші қалалық аурухананың босану бөлімшесіндегі акушер А.М.Тілегенова ұсынды.
«Алғашқы күннен денің сау болып өс» тақырыбы бойынша «Nestle» компаниясының өкілі Б.Саду ұсынды.