Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

22.05.2017Антикоррупция

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы аясында бесінші басымдықта институттық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес көзделген.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау мақсатында 2017 жылдың 19 мамыры «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да құрамы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің СҚО бойынша департаменті бас маманының орынбасары А.Е.Сатановтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі ұлттық бюроның СҚО бойынша департаментінің инспекторы И.С.Зайцевадан, «Нұр Отан» партиясының Петропавл қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі И.С.Татваевтан құралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың перинаталдық орталық ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу жұмыс, сенім жағдайында өтті. Мемлекет пен қоғамның дұрыс өзара іс-әрекеті ғана сыбайлас жемқорлықтың деңгейін қысқартуға мүмкіндік туғызады.

Әр қазақстандық, әр отбасы, барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бұл — барша қоғамның, әр азаматтың ісі деп түсінуге тиіс.

A+ A A-