19.06.2017Мен жеңімпазбын
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген балалар онкологиясы және гематологиясы қызметін жетілдіру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы аясында 2017 жылдың 1 маусымы «Мен жеңімпазбын!» бейкоммерциялық жобасының тұсаукесерімен ҚР ДСМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» базасында пресс-конференция өтті. Жобаның мақсаты – барлық қазақстандық балаларға және олардың ата-аналарына сауығуға сенім мен үміт сыйлау, сондай-ақ онкологиялық ауруларды ерте мерзімде анықтап, дер кезінде емдеуге назар аударту.
«Мен жеңімпазбын!» жобасы бала жаста онкологиялық ауруды жеңіп шыққан адамдардың жеке тағдырлары туралы әлеуметтік роликтерді назарға ұсынды.