Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.06.2017Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты шара

Ақ халатты абзал жан,
Ардақ тұтар өзіңді.
Ем іздеген жандардан,
Сұрар нағыз төзімді.
Емге шипа, дәру боп,
Тілек тілер жазыл деп.
Тек өзіңе зәру көп,
Емің болсын қабыл тек.

Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты шара биылғы жылы Петропавл қаласының Жастар сарайында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Дүйсенова Анархан Қалиқызы медицина қызметкерлері ұжымына жылы лебізді сәлем жолдап, облыс әкімі Қ.І.Ақсақаловтың атынан құттықтау сөздерін жеткізді.

Дәрігер мамандығы - әлемдегі ең көне кәсіптердің бірі екені баршамызға мәлім. Ол барлық жерде, ғаламшардың бұрыш-бұрышында қажет кәсіп. Әр адам өмірінде ең болмағанда бір рет дәрігерге қаранады. Тіпті, жарық дүниеге келу кезеңі де дәрігердің қатысуынсыз өтпейді.

Халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан ерекше үлесі, денсаулық сақтау жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келгені үшін, денсаулық сақтау саласын жетілдіру және реформалау ісіне белсенді қатысқаны үшін Облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Н.В.Кисельникова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

ОПО ұжымы барша медицина қызметкерлерін кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтайды. Қиын кезеңдерде көмекке келіп, адамдарға жәрдем бергендеріңіз үшін біздің әріптестермізге алғысымыз шексіз!

A+ A A-