Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.10.201716 қазан — Анестезиологтар күнi

Ежелгi римдiктер: «divinum opus sedare dolorem», оның мағынасы — «ауырғанды басу — ол бiр ғажап iс» деген екен. Көне ұлы мемлекеттiң тұрғындары медицинаның маңызын бiлiп, бүгiнгi таңда анестезиолог-реаниматологтар деп аталатын адамдарды сол кезден бастап-ақ бағалай бiлген. Нақ осы дәрiгерлердiң игi iсi — адам өмiрiн құтқарып қалу ғана емес, сонымен қатар адамдарды азаптан арылту.

Медицина адам өмiрiн сақтап қалу үшiн аса маңызды компоненттердiң бiрiн ойлап-тапқанына 160 жыл өткен. Осы компонент — анестезия, қазiргi кезде хирургия тәжiрибесiнде үнемi қолданылып келедi.

Мұның барлығы 1846 жылы бастау алған едi, сол жылдың 16 қазанында тiс дәрiгерi Томас Мортон дүниежүзi бойынша эфир наркозымен алғаш рет операция өткiзген. Сол уақыттан берi 16 қазан — дүниежүзi бойынша Анестезологтар күнi деп танылған.

Томас Морганның ашқан жаңалығының арқасында мыңдаған адам өмiрi сақтап қалынған. Анестезиологтар шеберлiк мен икемдiлiктi талап ететiн операцияларға күн сайын қатысып келедi. Тәжiрибелi, бiлгiр анестезиолог мамандар аса қымбат. Бiз анестезиолог-реаниматологтарымызды кәсiби мерекелерiмен құттықтаймыз! Қымбатты дәрiгерлер! Сiздерге және жанұяларыңызға мықты денсаулық, сәттiлiк және пациенттерiңiздi дереу сауығуын тiлеймiз!

A+ A A-