Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

17.11.201717 қараша — Шала туылған балалардың халықаралық күні

Шала туылған балалардың халықаралық күні дүние жүзі бойынша 17 қарашада атап өтіледі. Осы күннің құрметіне Облыстық перинаталдық орталықта сәбилер мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік шара өтті.

Қимылы ширақ, қуана жүгіріскен әр жастағы балаларға қарап, олардың өмірінің алғашқы күндерінде қандай қиындықтарды өткергендігін бүгінгі таңда елестету мүмкін емес. Бұл балаларға нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің, шала туылған балаларды күту бөлімшесінің дәрігерлері мен мейірбикелері көмек көрсетті. Өз ісімен айналысатын, балаларды сүйетін адамдар шақалақтардың аман қалып, дені сау болып өсуі үшін бар күшін салды.

Мереке көңілді әрі әсерлі болды. Бүлдіршіндер туылған және оларға күтім көрсетілген Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мен мейірбикелері буыны бекіп, өсіп қалған кішкентай пациенттерін көруге қашан да қуанышты. Ал ата-аналар үшін болса, өткізіліп отырған мерекелік шара, оларға ана мен әке болу бақытын сыйлаған дәрігерлерге ізгі алғыс-тілектерін білдіруге таптырмас мүмкіндік болып табылмақ.

A+ A A-