Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

27.02.2018Қайырымдылық акциясы

Диспансер мекенжайына 16.02.18. «НҰР  ОТАН» партиясы Петропавл қалалық филиалынан, яғни, 19.02.18. ҚР-да «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде өткізілетін ҰОС қатысқан ардагерлерге, жалғыз басты және тыл еңбеккерлеріне аса қажет ететін атаулы көмек көрсету бойынша акция жүргізілетіндігі туралы № 15.1-08.2/17 хаты келді.

Диспансердің алғашқы партиялық ұйымының төрайымы И.А. Емелинамен партия мүшелерімен жиналыс жүргізілген болатын, онда 1929 жылы туған тыл еңбеккері Клавдия Петровна Кирьяковаға әлеуметтік және ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылданған.

Диспансердің бас дәрігері — партия мүшесі С.Х. Сұлтанов, жиналыс шешімін құптап, акцияны жүргізуге арнап қажетті ақшалай қаражат бөлді.

К.П. Кирьяковаға азық-түлік жиыны мен 5 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат тапсырылды.

Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық акциясы

A+ A A-