10.10.2014Бүгінгі күннің жаңалықтары
2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Үкiмет қаулысымен бекiтiлген стандарттарға сәйкестiкке, денсаулық сақтау саласында орнатылған стандарттар мен талаптарға сай көрсетiлетiн медициналық және фармацевттiк қызметтердiң сәйкестiгiн мақұлдау мақсатында бiздiң облыста медициналық ұйымдардың кезектi аккредитациясы өтiп жатыр.
Қазақстанда аккредитациялау, стационарлық, амбулаториялық-емханалық, жедел медициналық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарды аккредитациялаудың жаңа стандарттары бойынша өтiкiзiледi. 2012 жылы қазақстанның стационарлық стандарттарының денсаулық сақтаудағы қауiпсiздiк және халықаралық сапа принциптерiне сәйкестiгi Денсаулық сақтаудың сапасы (ISQua) бойынша Халықаралық қоғамдастықтың орындаушы комитетiмен танылған.
Жаңартылған аккредитация стандарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiндегi медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесiнiң «Аккредитация» модулi арқылы бiрiктiрiлген.
Ағымдағы жылдың 6-шы және 8-шi қазаны аралығында Ақмола облысынан 4 дәрiгерден тұрған тәуелсiз сараптамашылар бригадасы келiп, Кардиологиялық орталық қызметiне сыртқы кешендiк бағалау өткiздi. Сараптамашылардың пiкiрлерi бойынша, облыс тұрғындарына көрсетiлетiн медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша үлкен командалық жұмыс жүргiзiлгендiгi туралы бiр мағыналы болды.