23.04.2015Селекторлық кеңес
2015 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша қан айналым жүйесiнiң ауруынан өлiм-жiтiмдi азайту сұрақтары жөнiнде облыстық, қалалық және аудандық ұйымдардың бас дәрiгерлерiнiң емдеу iсi жөнiндегi орынбасарларымен қан айналым жүйесiнiң ауруы жөнiндегi мәселелердi үйлестiрушiсi селекторлық кеңес өткiздi. Кеңесте 2015 жылғы екi айдың қорытындысымен Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қан айналым жүйесiнiң ауруынан өлiм-жiтiм себебiнiң құрылымы, 2015 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша фибринолитикалық терапия жүргiзуге талдау, сондай-ақ жiтi коронарлық синдромымен ауырған науқастарды емдеу кезiнде жиi жiберiлетiн тактикалық қателер талқыланды.
Одан басқа, Астана қаласында өткен, «Жүрек-қантамыр ауруларынан өлiм-жiтiмдi азайтудағы шұғыл кардиологияның рөлi» атты 2-шi республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияның қорытындысы мен бағдарламасы баяндалды.