Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

28.04.2015Қазақстан жетекші дәрігерлерінің ІІ Республикалық Конгресі

1-кардиология бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Е.И. Донова 2015 жылғы сәуiрдiң 16-сы мен 17-сi күндерi Шымкент қаласында өткен Қазақстан жетекшi дәрiгерлерiнiң II Республикалық Конгресiнiң жұмысына қатысты. Конгресс жұмысы 4 секция бойынша өттi: терапия, педиатрия, кардиология, дәрiханалық секция. Кардиология жөнiндегi секцияда кардиологиялық науқастарды емдеу саласындағы аса өзектi тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды.

Польшадан келген қонақ — профессор, (Польша) Гдань Медициналық университетiнiң гипертензия және диабетология кафедрасының жетекшiсi Кшьштоф Наркевич «Жүрек қантамыр жүйесiнiң ауруларын емдеудегi статиндердiң рөлi: қолданыстағы стандарттар мен болашақтағы бағыттар» тақырыбындағы баяндаманы тарту еттi, м.ғ.д., Кардиология институтындағы гипертония бөлiмiнiң басшысы, Польшалық ғылымдар академиясының мүшесi Анджей Янушевич «Артериялық гипертензияны емдеу мен диагностикалау бойынша кеңестер — тәжiрибелiк аспектiлер» тақырыбын түсiндiрдi.

Украинадан келген профессорлар да өз баяндамаларын оқыды: Донецк медициналық университетiнiң iшкi аурулар кафедрасының профессоры А.З. Багрий «Кардиологияның клиникалық тәжiрибесiндегi статиндер: Кiмге? Қандай?», м.ғ.д., профессор, Украинаның еңбек сiңiрген дәрiгерi, П.Л. Шупика атындағы ұлттық медициналық дипломнан кейiнгi бiлiм беру академиясының кардиология кафедрасының меңгерушiсi М.Н. Долженко «Ренинангиотензивтi жүйенiң блокаторлары: кiмге, қашан және қалай?» тақырыбымен шықты.

Қазақстандық кардиологтар да кардиологияның маңызды тақырыптарын ұсынды, «Дәрi-дәрмектiк заттардың сараптамасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның клиникалық және клиникаға дейiнгi сараптама мен дәрi-дәрмектiк заттардың жанама әсерлерiне мониторинг жүргiзу басқармасының басшысы — Ш.А. Байдулаева «Фармаконадзор. Фармакотерапияны қолдану кезiндегi жағымсыз реакциялар мониторингi. ҚР-дағы клиникалық зерттеулер» тақырыбымен шықты, КҒЗИ және IА директорының кардиология жөнiндегi орынбасары, профессор, м.ғ.д. — Г.А. Джунусбекова «Жүрек жұмысының созылмалы жетiспеушiлiгiмен ауыратын науқастардағы оңтайлы диуретикалық терапиясы» тақырыбымен, ҚазМУНО кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. — Г.М. Имантаева «Жiтi коронарлық синдромы кезiндегi антитромбтық терапия» тақырыптарын ашып айтты.

Кардиологиялық науқастарды емдеу жөнiндегi шетел және қазақстандық жетекшi кардиологтардың тәжiрибесiнен алынған мәлiметтер Кардиологиялық орталықта бiздiң облыс тұрғындарының игiлiгi үшiн жүзеге асырылады.

A+ A A-