25.05.2015Сауалнама жүргізу
Емделушiлердiң медициналық қызмет көрсету деңгейi және сапасымен қанағаттанғану дәрежесiн бiлу мақсатында сауалнама жүргiзiлдi. 2015 жылдың өткен аралығында Кардиологиялық орталықта стационарлық емдеуде жатқан, емделушiлердiң құқықтары бойынша 60 адамға, емдiк тамақтануды ұйымдастыру бойынша 60 емделушiге, этика және деонтологияны сақтау бойынша 54 емделушiге, медициналық қызметкерлердiң жұмыстары бойынша 100 емделушiге сауалнама жүргiзiлдi. Барлығы 274 респондент сұрастырылды, оның 105-i ер адам және 169-ы әйел адам. Сұрастырылған емделушiлер медициналық қызметкерлердiң еңбектерiн жоғары бағалады, iшкi тәртiп ережелерiмен 95% таныстырылды, 5% таныстырылмады, дәрiгерлiк тағайындаулар уақытында 100% орындалып отырады.
Емделушiлердiң құқықтары бойынша жүргiзген зерттеу жұмыстары көрсеткендей, медициналық көмек алған кезде емделушiлердiң өз құқықтары мен мiндеттерiн бiлулерi туралы бiлiм деңгейлерiн жоғарылату қажет болып отыр.