29.09.2015Астана қ. «Қазақстан Республикасы Президенті Істерін басқару Медициналық орталығының ауруханасы» РМК тұсаукесері өтті
2015 жылы 28 қыркүйек Кардиологиялық орталық базасында Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Президентi iстерiн басқару медициналық орталығының ауруханасы» РМК кардиохирургия бөлiмшесiнiң ординатор дәрiгерi Р.К. Албаевтың қатысуымен тұсаукесер-семинар өттi.
2015 жылы наурызда Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Президентi iстерiн басқару медициналық орталығының ауруханасы» РМК жаңа нысаны пайдалануға берiлiп, мемлекеттiк қызметкерлердiң iшiнен бекiтiлген құрамға, сондай-ақ халықтың басқа да санаттарына бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған (ЖММК) медициналық көмек көрсетуге арналған емдеу мекемесiнiң жаңа түрi болып табылады.
Ұйым ЖММК келесi бейiндер бойынша көмек көрсетедi: интервенциялық хирургия, хирургия, торакальдық хирургия, кардиохирургия, урология, травматология, офтольмология, гинекология, нейрохирургия.
Семинардың жұмысына Кардиологиялық орталықтың дәрiгерлерi, қалалық емханалар мен жақын аудандардағы ауруханалардың бас дәрiгерлерiнiң орынбасарлары қатысты.