06.11.2015Кикілжің туындаған жағдайда тиімді шешу түрлері
Кардиологиялық орталық базасында облыстық және қалалық ЕАМ басшыларына арналған «Медиативтiк технологиялар: медициналық қызметкерлердiң жұмысында туындайтын кикiлжiңдердiң алдын алу және оларды шешу» тақырыбында алғашқы рет семинар-тренинг өткiзiлдi.
Тренингтiң мақсаты: кикiлжiң жағдайларды тиiмдi шешудiң түрлерiмен таныстыру, кикiлжiң жағдайлар мен дауларды шешу кезiнде келiссөз жүргiзу барысындағы медиативтiк компетенциялар мен технологияларды қолдану дағдыларын үйрету; дауласып жатқан тараптарды дұрыс шешiм қабылдауға шақыру.
Семинарды з.ғ.к. тренер С.Ю. Романовская мини-дәрiстер, рөлдiк ойындар, бейне-тренинг, пiкiрталастар, кiшi топтардағы жұмыс жүргiзу түрiнде өткiздi.
Материалдарды игеру басшыларға бiлiмдерi мен тәжiрибелерiн жүйелеуге, алған бiлiмдерiн тәжiрибеде қолдануға және өздерiнiң кәсiби қызметтерiнде даулар мен кикiлжiңдердi тез арада реттеуге мүмкiндiк бередi.