18.11.2015Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту
2015 жылы қарашаның 18-i Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiн атап өтуге арналған салтанатты жиналыс өттi. Заңгер Н.Н. Скородумова «Тәуелсiз мемлекет құрудағы Тұңғыш Президенттiң рөлi» тақырыбындағы баяндама оқыды. Баяндамаға қоса слайдтар көрсетiлдi.
Осы жылдар бойы мемлекет Басшысының жетекшiлiгiмен Қазақстан халқы күш-жiгерiне сүйене отырып, өз елiн дамытып келедi. Даму жолында көптеген қиындықтар мен тосқауылдардың кездескенiне қарамастан, ар-намысты қолдан жiбермей, тұрақты даму жолына шықты.
Кардиологиялық орталық бөлiмшелерiнде мерекелiк стендтер рәсiмделiп, ғимараттың алдыңғы жағына баннерлер iлiндi.