21.04.2016Астана қаласындағы «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің кезектен тыс съезінің қорытындысы
2016 жылы сәуiрдiң 20-сы күнi Астана қаласында «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер бiрлестiгiнiң кезектен тыс съезi өттi (Одан әрi — Палата). Солтүстiк Қазақстан облысынан барған делегацияның құрамында бас дәрiгер А.Б. Мағзұмов съездiң жұмысына қатысып қайтты.
Палата мүшелерi 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттiк бағдарламасында көрсетiлген тапсырмаларды жүзеге асыруға көмектесiп және Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту үшiн атқарылған жұмыстарға жоғары баға бердi.
ҚР ДС және ӘДМ бiрлесiп кейбiр мемлекеттiк функцияларды (мамандардың бiлiмдерi мен дағдыларын бағалау мен аккредитация, клиникалық хаттамаларды мен емдеу стандарттарын даярлау) үкiметтiк емес секторларға тапсыру жөнiндегi жұмыстарды бастау жоспарда бар.
Даярланған стратегиялық даму жоспары аясында Палата келесi бағыттар бойынша 4 кластер даярлады:
- Үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiби ассоциациялармен, пациентке бағытталған ассоциациялармен, олардың құрылымдарымен, мәлiметтер базасымен тығыз ынтымақтастықта болу. Үкiметтiк емес секторға кейбiр мемлекетiк функцияларды тапсыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру.
- Кәсiби ассоциацияларды бiрiктiру, бiлiм беру, ғылыми жұмыс, халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша олардың жұмыстарын үйлестiру.
- Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiктi дамыту.
- Фармацевтикалық кластердi дамыту.