04.12.2017ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАП ҚАЙТТЫ
Кардиологиялық орталықтың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ефим Лященко Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында «Жағдайы ауыр науқастарды жасанды жолмен тамақтандыру» тақырыбында өткен семинарға қатысып, білімін жетілдіріп қайтты. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Илья Лейдерман оқыған дәрістерді тыңдауға Ресей мен Қазақстанның ғана емес, Өзбекстан, Түркменстан елдерінің мамандары келді. Бұған қоса анестезиологтар үшін тақырып бойынша жергілікті емдеу мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды.