09.04.2018Ашық есік күні
7 сәуір — Бүкілəлемдік денсаулық күніне орай Солтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті. Оның аясында консультативтік-диагностикалық бөлімшеде кардиолог дəрігер Мизамбекова Қарлығаш Сартаевна қабылдау жүргізді. Сағат 10.00 мен 14.00 аралығында қабылдауға барлығы 15 адам келіп, өз денсаулығына қатысты маман кеңесін алды. Келушілердің басым бөлігі — 50 мен 70 жас аралығындағы азаматтар. Олар негізінен қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруына қатысты көмек сұрап келді.