15.04.202415 сәуір күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Петропавл қаласына барып, бірқатар объектілерді аралады
Іс-шаралардың бірі – КБОА Перинаталдық орталығына барып жүкті және босанған әйелдерді қауіпсіздікпен және көмекпен қамтамасыз ету мәселелерін тақылау болды.
Су тасу қаупі бар шалғай елді мекендер мен аудандарға ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапары шеңберінде осы жағдайларда сапалы медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша қолданылған шаралар талқыланды. Төтенше жағдайлар болған жағдайда жүкті әйелдерді тасымалдау және эвакуациялау жолдары қарастырылды.
«Бүгінгі таңда Петропавл қ. Перинаталдық орталығы әйелдер мен 4 айға дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді» - деп хабарлады орталықтың директоры Елена Станиславовна Калюжная.
Осындай сапарлар мен кездесулер проблемалық ахуалдарды және перинаталдық кезеңдегі әйелдердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша тиімді стратегияларды әзірлеу үшін өте маңызды.