Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.01.202416 қаңтарда біздің Кардио орталық орталықтандырылған вендор-тәуелсіз PACS сenter- зерттеулерді (КТ, МРТ, рентген, маммография және т.б.) сақтау және өңдеу жүйесіне қосылған медициналық ұйымдардың қатарына енді

16 қаңтарда біздің Кардио орталық орталықтандырылған вендор-тәуелсіз PACS сenter- зерттеулерді (КТ, МРТ, рентген, маммография және т.б.) сақтау және өңдеу жүйесіне қосылған медициналық ұйымдардың қатарына енді.

Жүйенің басты артықшылықтарының бірі - бүкіл Қазақстан бойынша базаның бірлігі, соның арқасында еліміздің кез келген жерінде зерттеулердің қолжетімділігі болып табылады. Қай жерде болмасаңыз да, сіздің барлық рентген суреттеріңіз, МРТ және КТ зерттеулеріңіз жоғалмайды және 7 жыл сақталады.

"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ-мен ("ҚазОРҒЗИ" АҚ) бірлесіп PneumoNet - жасанды интеллект (ЖИ) нейрожелісінің моделі әзірленіп, жүйеге енгізілді. Ол пациенттердің рентген-суреттерін талдайды және өкпеде күдікті учаскелерді бөліп көрсетеді, тіпті 74% дәлдікпен алдын ала қорытынды береді, сондай-ақ LungCancerCT - жасанды интеллект (ЖИ),  пациенттердің КТ зерттеулерін талдайды және 3 мм-ден үлкен түйіндер мен түзілімдерді анықтайды.

Жүйе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді (сынақ актісі № KZ26VQQ00039639 19.07.2021 ж.) және ҚР-МИ (МТ) медициналық мақсаттағы бұйым ретінде тіркелген - №023388 17.01.2022 ж.

A+ A A-