30.11.2023Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай!
"Көп бейінді облыстық аурухана" ШЖҚ КМК 2023 жылдың қараша айында аурухана қызметкерлері "Барлығы АИТВ/ЖИТС туралы" ұлттық бағдарламасы аясында хабардар болу айлығын өткізді.
Аурухана мен емханада қызметкерлер мен халықтың АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы, атап айтқанда қауіп факторлары, ерте диагностика мүмкіндіктері туралы ақпараттылығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Айлық аясында 97 іс-шара ұйымдастырылды.
СӨС кабинетінің мейірбикесі емхананың пациенттерімен "Өзіңді АИТВ-дан қорға", "АИТВ инфекциясы мен ЖИТС арасындағы айырмашылық неде", "АИТВ инфекциясының алдын алу, қауіп факторлары" тақырыптарына арналған ақпараттық материал - парақшалар мен буклеттер таратумен, профилактикалық әңгімелер өткізді.
Аурухана бөлімшелерінде "АИТВ инфекциясының алдын алу"
тақырыбында семинарлар өткізілді.
Емханада LED-мониторда бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.