Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Физиотерапиялық бөлімше

«Кардиологиялық орталық» ШЖҚ КМК базасында физиотерапия бөлiмшесi жұмыс iстейдi.

Физиотерапия — табиғи және жасанды жасалатын физикалық факторларының адам ағзасына фиозиологиялық және емдiк әсерiн зерттейтiн клиникалық медицинаның мамандандырылған бөлiгi. Асқынулық дистрофикалық үрдiстер механизмiне және функционалдық патологияға бағытталған, емдеудiң белсендi патогендiк әдiстерiнiң бiрi.

Физиотерапияның мақсаты — негiзiнен физикалық емдеу әдiсiн қолдана отырып, кез-келген ауруды емдеуде емделушiнiң ағзасына ең тиiмдi әсерге қол жеткiзу. Физиотерапия бүгiнгi таңда емдеудегi ең қауiпсiз әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Ол дербес те, емдеудiң басқа әдiстерiмен де бiрге қолданылады (мысалы, хирургиямен). Емдiк физикалық факторларды уақытылы және дұрыс қолдану патологиялық үрдiстердiң тез арада шешiлуiне, зақымданған тiндердiң тез әрi толық жазылуына толық әсер етедi, асқынулардың болмауына септеседi, бұзылған функциялардың қалпына келуi мен науқастың тез арада еңбекке жарауына көмектеседi. Физиотерапия медицинаның емдiк және профилактикалық бағыттарының ең көнелерiнiң бiрi болып табылады, оның iшiне көптеген бөлiмдер кiредi. Әрбiр бөлiмнiң iшiнде физикалық факторларды пайдалануға негiзделген жекелей де, кешендiк те емдеу әдiстерi кiргiзiледi. Өз жұмыс барысымызда мынадай емдеу әдiстерiн пайдаланамыз: электротерапия, УВЧ-терапия, КВЧ-терапия, Амплипульс, магнитотерапия, ультрадыбыстық ттерапия, дарсонвализация (жергiлiктi және қуыстық), жарықпен емдеу (ультра күлгiн сәулелендiргiш), лазерлiк терапия, ингалятор, массаж. Бiздiң бөлiмшеде кардиохирургиялық, терапиялық, кардиологиялық бөлiмшелер мен қантамыр хирургия бөлiмшесiнiң науқастары ем алады. Барлық емшаралар емделушiге қосымша шығын келтiрмей, бюджеттiк қаражаттар есебiнен жасалады.

Физиотерапиялық әдiстер кешендiк емдеу үрдiсiндегi медикаментоздық емдеудi тиiмдi толықтырып отырады, жағымсыз әсерлерiн болдырмауға және емдеу барысында оң нәтижеге қол жеткiзуге әсерiн тигiзедi. Сәттi диагностикалық және емдiк үрдiстiң негiзгi буыны дәрiгер. Сондықтан терапияның анағұрлым тиiмдiлiгi мен емделушiнiң қауiпсiздiгi үшiн маманмен алдын ала кеңесiп алғаннан кейiн ғана барып емшараларды өту керек.

A+ A A-