Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Кеңес беру-диагностикалық бөлімшесі

Кеңес беру-диагностикалық бөлiмшесi

2011 жылғы 1 сәуiрден ауыл тұрғындары үшiн кеңес беру-диагностикалық бөлiмше ашылды, ол үшiн сәйкес үй-жай бөлiнiп, 150 000 теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, қатты мүкәммалдар сатылып алынды. Бөлiмше меңгерушiсi кардиолог дәрiгер Қ.С. Мизамбаева. Кесте бойынша дәрiгерлер қабылдау жүргiзедi: сағат 9.00-ден 16.30-ға дейiн, кардиолог (Қ.С. Мизамбаева, М.П. Телюк, Б.Х. Джунусов, М.С. Митенко, Е.И. Донова, Ж.А. Бальмухамедова, В.В. Степанов, Л.П. Бацула, Т.А. Захарова, Н.Н. Руцкая), кардиохирургтер сағат 14.00-ден 16.30-ға дейiн (И.В. Шумаков, В.Г. Ким, В.Е. Малахов, В.С. Краснов), қантамыр хирург дәрiгерлер (С.В. Череда, А.Г. Тишко, Р.Х. Таштанов) сағат 13.00-ден 16.30-ға дейiн қабылдау жүргiзедi.

8(7152)461996 телефоны бойынша дәрiгерлердiң қабылдауына алдын ала жазылу жүргiзiледi. Қажеттi толық көлемдi тексерулерден кейiн (қанның жалпы талдауы, жалпы зәр талдауы, биохимиялық зерттеу, ЭКГ), БМКК дәрiгерлерiнiң жолдамалары бойынша науқастар тегiн қабылданады. Қажет болған жағдайда Кардиологиялық орталық жағдайында қосымша зерттеулер тағайындалады: ЭХОКГ (жүректiң УДЗ 5 емделушiден көп емес), велоэргометрия (2 емделушiден көп емес). Жолдама болмаған немесе өздiгiнен жүгiнiп келген кезде зерттеулер ақылы негiзде жүргiзiледi (қанның жалпы талдауына, биохимиялық талдау, гормондарға, гепатиттерге талдау алу сағат 8.00-ден 10.00-ге дейiн алынады).

2011 жылғы сәуiр-желтоқсан аралығында 5434 науқас қабылданды, оның iшiнде кардиологтың кеңесiн — 2428 науқас, кардиохирургтiң кеңесiн — 389 науқас, қантамыр хирургтiң кеңесiн — 2617 науқас алды.

2012 жылы кеңес беру-диагностика бөлiмшесiнiң мамандарымен 7074 емделушi кеңес алды, оның iшiнде кардиологтың кеңесiн — 3380 науқас, кардиохирургтiң кеңесiн — 340 науқас, қантамыр хирургтiң кеңесiн — 3345 науқас алды.

2013 жылы 8607 адам қабылданды, оның iшiнде 5406 ауылдық науқастың — 62,7%-ы. 4524 емделушi кардиологтiң кеңесiн алды, оның iшiнде 3934 ауылдық науқас (87%), кардиохирургтiң кеңесiн — 427 емделушi, оның iшiнде 212 ауылдық (49,6%), қантамыр хирургтiң кеңесiн 3656 науқас, оның iшiнде 1254 ауылдық науқас (34,3%) алды.

2014 жылы Кеңес беру-диагностика бөлiмшесiнiң мамандары 6893 адамды қабылдады, оның iшiнде 4429 ауылдан келген емделушiлер — 64,3% құрайды. Кардиологтiң кеңесiн 3915 емделушi, оның 3313-шi ауылдық жерден келгендер (84,6%), кардиохирургтiң кеңесiн — 214 емделушi, оның 119-ы ауылдық (55,6%), қантамыр хирургi 2764 науқас, оның 997-сi (36,1%) ауылдық тұрғын.

Мамандардың кеңес берулерiнен кейiн Кардиологиялық орталық негiзiнде жоғары мамандандырылған емдеуге науқастарды iрiктеу жүргiзiледi, қажет болған жағдайда республикалық орталықтарға жолдау туралы мәселе шешiледi.

A+ A A-