Дерматовенерологиялық орталық
Дерматовенерологиялық орталықтың жетекшісі:
Омарова Алия Сагантайқызы
Омарова Алия Сагантайқызы — екінші біліктілік санатындағы дерматовенеролог.
Тел.: +7 7152 50-49-58.
Диспансерлік бөлім келесі функцияларды орындайды:
- дерматовенерологиялық профилі бар науқастарды емдеудің барлық кезеңдерінде үздіксіздікке сәйкес емдеу;
- тиімді емделмеген жағдайда дерматовенерологиялық профилі бар науқастарды жоспарлы және қажет болған жағдайда шұғыл госпитализацияға жіберу;
- дерматовенерологиялық профилі бар науқастарды анықтау, тіркеу және клиникалық бақылау.
Дерматологиялық бөлiмшесi — 30 төсек-орын
Бөлiмше меңгерушiсi: Вуколов Евгений Станиславович — екiншi бiлiктiлiк санатты дәрiгер-дерматовенерологы.
Тел.: +7 7152 33-49-83.
Дерматологиялық бөлiмшесi Портал Бюросы арқылы ауруханаға жатқызуда қаралушылардың тiлегi бойынша жоспарлы тәртiппен созылмалы дерматоздарды және жыныс жолдары арқылы берiлетiн жұқпаларды емдеуде көмек көрсетедi.
Саңырауқұлақ бөлiмшесiнде — 33 төсек-орын, оның құрамында 13 төсек-орын балаларға, 20 төсек-орын үлкендер арналған
Бөлiмше меңгерушiсi: Драгальцева Татьяна Николаевна — бiлiктiлiк санаты жоғары дәрiгер-дерматовенерологы.
Тел.: +7 7152 33-62-31.
Саңырауқұлақ бөлiмшесi Портал Бюросы арқылы ауруханаға жатқызуда қаралушылардың тiлегi бойынша жоспарлы тәртiппен үлкендер мен балалардың жiтi жұқпалы терi патологисын емдеуде көмек көрсетедi.
Диспансерлік бөлiмше
Меңгерушiсi: Омарова Алия Сагантаевна — екiншi бiлiктiлiк санатты дәрiгер-дерматовенерологы.
Тел.: +7 7152 50-49-58.
Диспансерлік бөлiмше келесi функцияларды жүзеге асырады:
- Барлық кезеңдегi емдеулердiң сабақтастығын сақтаумен дерматовенерологиялық бағыттағы науқастарды емдеу;
- Жүргiзiлген емдердiң әсерсiздiгiнде дерматовенерологиялық бағыттағы науқастарды шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажеттiлiгiнде және жоспарлық жолдау;
- Дерматовенерологиялық бағыттағы науқастарды диспансерлiк бақылау және айқындау және есептеу.
Зертхана
Меңгерушiсi: Вологодская Елена Николаевна — бiлiктiлiк санаты екiншi дәрiгер-зертханаш.
Тел.: +7 7152 50-01-63.
Науменко Тамара Владимировна — бiлiктiлiк санаты бiрiншi дәрiгер-зертханашы.
Диагностикалық зертханасы келесi функцияларды жүзеге асырады:
- дерматовенерологиялық бағыт аурушылығының зертханалық диагностикасы бойынша жалпы клиникалық, гематологиялық, цитологиялық, иммундық, бактериологиялық және серологиялық зерттеулердi орындау;
- диспансер практикасына қазiргi заманғы зертханалық-диагностикалық технологияларды енгiзу.
Диагностикалық зертхана құрылымына кiредi:
- клиникалық-диагностикалық зертхана;
- орталықтандырылған бактериологиялық зертхана;
- орталықтандырылған серологиялық зертхана.
Орталықтандырылған серологиялық зертхана
Серологиялық зертхана мынадай зерттеулердi орындайды:
Мерез диагностикасы:
1. Вассерман реакциясы:
1. кардиолипиндiк антигенмен;
2. трепонемдiк антигенмен;
3. сандық әдiс.
2. Микрореакция:
1. сарысумен;
2. плазмамен;
3. сандық әдiс.
3. Түрлендiрiлген ИФР (иммундi флюоресценттiк реакция):
1. ИФР-200;
2. ИФР-авs;
3. ИФР-ц.
4. ИФТ (иммундық-ферменттiк талдау):
1. жиынтық антиденелер (Jg A+Jg M+Jg G).
5. ПГАР (пассивтiк гем агглютинация реакциясы).
Хламидиоз диагностикасы:
1. ТИФ (тура флюоресценция);
2. ИФТ (иммундық-ферменттiк талдау: Jg G C Trachomatis).
Орталықтандырылған бактериологиялық зертхана
Бактериологиялық зертхана мынадай зерттеулердi орындайды:
1. Микроорганизмдердi культуральды әдiсiмен зерттеу:
1. гонококктар (Neisseria gonorrhoeae);
2. трихомонадалар (T Vaginalis);
3. майда саңырауқұлақтар тәрiздi кандида (Candida).
2. Боялған жағындылар микроскопиясы (Грамм бояуы, көгiлдiр метиленмен бояу).
3. Дерматомикозды культуральды әдiспен зерттеу.
4. Қағаз дискiлердi қолдана отыра агарда таралу әдiсiмен микроорганизмдердiң антибиотиктерге сезiмталдығын анықтау.
5. Mycoplasma hominis зерттеу және антибиотиктерге сезiмталдығын анықтау.
6. Ureaplasma urealyticum зерттеу және антибиотиктерге сезiмталдығын анықтау.
Клиникалық-диагностикалық зертхана
Клиникалық зертхана мынадай зерттеулердi орындайды:
- Нәжiстiң копрологиялық зерттелуi (соның iшiнде үшкiр құрт, тениид жұмыртқаралына қырынды).
- Жасырын қанға нәжiстiң химиялық зерттелуi.
- Қышыма және демодекс кенесiнiң табылуына бактериоскопиялық зерттеу.
- Дуке әдiсi бойынша қан кету ұзақтығын анықтау.
- Сухарева әдiсi бойынша қанның ұю ұзақтығын анықтау.
- Лейкоцитозға ұрықты сұйықтығын бактериоскопиялық зерттеу.
- Простата шәуһетiнiң бактериоскопиялық зерттеуi.
- Соз ауруының, трихомониаздың, гардниреллездiң бактериоскопиялық диагностикасы.
- Урагентальды хламидиоздың бактериоскопиялық диагностикасы.
- Мерез диагностикасы: қараңғы көз шалымында бозғылт спирохетаны табу.
- Дерматомикоздарға бактериоскопиялық зерттеу.
- Күлдiреуiктiң зертханалық диагностикасы.
- Автоматтандырылған гематологиялық Mythic 18 анализаторында лейкограммалар мен СОЭ-ны анықтаудымен шеткерi қанның жалпы талдауы.
- OneTouch Select глюкометр көмегiмен қандағы глюкоза қоюлығын анықтау.
- Урисис 1100 анализаторын пайдалану арқылы несептi жалпы талдау.
Барлық диагностикалық зерттеулер түрлерi ТМККК аясында стационарлық емдеуде жатқан, науқастарға және барлық ынтызар науқастарға шаруашылық есеп негiзiнде өткiзiледi.