Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шеңберіндегі іс-шаралар
"Көп бейінді облыстық аурухана" ШЖҚ КМК-да "Денсаулық сақтау ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау"тақырыбында түсіндірме семинар сабағы өткізілді. Семинар жұмысына аурухана басшылығы, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, сатып алу бөлімінің және персоналды басқару қызметінің басшылары, аталған бөлімдердің мамандары, кардиологиялық, онкологиялық және перинаталдық орталықтардың мамандары қатысты.
Сабақты комплаенс-офицер А. Н.Қанапинова өткізді, ол білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің заңнамалық негіздерін, денсаулық сақтау ұйымдарындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі мен кезеңдерін жеткізді.
Семинар нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданады.