Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

Рентгенэндоваскулярлық хирургия және сәулелік диагностика бөлімшесі

Ренгтенэндоваскулярлық хирургия және сәулелiк диагностика бөлiмшесi 2011 жылы 05 қаңтарда ашылды. Бөлiмше меңгерушiсi — рентген хирург дәрiгер Те Дмитрий Валерьевич.

Бөлiмше құрамына ангиографиялық кабинет, рентген-кабинет, УДЗ кабинетi, функционалдық диагностика кабинетi, ФГДС кабинеттерi кiредi.

2011 жылғы желтоқсаннан бастап аптасына 7 күн, 24 сағат — тәулiк бойы рентген-оталық жұмыс iстейдi, 2013 жылдың қаңтарынан бастап 255 млн. теңге сомасына республикалық бюджет есебiнен екiншi заманауи сандық Artis zee (Siemens) ангиографы орнатылды.

  2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл
Коронароангиография 542 1085 1338 1171 1347 1451 1380 1523 1791 1849 1884 1599
Ангиография, аортография 58 122 159 185 226 122 189 149 150 218 215 198
ЖИА кезіндегі коронарлық артерияларды стентирлеу 17 132 251 380 523 514 488 517 678 732 820 709

Интервенциялық хирург дәрiгерлер кардиохирургтармен бiрнеше рет шетел кардиохирургтарының қатысуымен болған Астана қаласындағы шеберлiк-сыныбы оталарына қатысты, Сингапурға, Францияға, Германияға, Швейцарияға, Жапонияға, Литваға, Италияға барды.

Бүгiнгi таңда рентген-хирургтердiң жоғары даярлықтары мен шеберлiк деңгейлерi жинақталған тәжiрибиелерiмен халықаралық деңгейге шығуға мүмкiндiк бередi. Осылайша, Италияның (Д. Антониуччи, Б. Раймерс) интервенциондық кардиологтарының қоғамдастығы ұйымдастырып, 2014 жылдың 2 және 3 қыркүйегi Венецияда өткiзiлген 14-шi ТОВI Халықаралық конгресiнде (коронарлық бифуркациялық зақымдануларға интервенциондық араласулар мен созылмалы тотальдық окклюзиялар бойынша 14-шi конгресi) дәрiгер Д.В. Тё «Жiтi коронарлық белгiсi кезiнде бифуркациялық коронарлық артерияның қорғалмаған сол жақ бағанасына шұғыл терi арқылы коронарлық араласулар. Бұл бiздiң клиникалық жағдай» тақырыбының алғашқы таныстыруын өткiздi.

Осы қол жеткiзiлген нәтижеде тоқтап қалмай, интервенциялық хирург дәрiгерлер биоабсорирлейтiн Scaffold стентiмен коронарлық зақымдануларға стентирлеудi жасау, магистралдық және перифериялық артерияларды стентирлеудi ұлғайту, бифуркациялық коронарлық зақымдануларды стентирлеу, транскатетерлiк химиоэмболизацияны, онкологиялық науқастардағы iсiктi қоректендiретiн артериялардың эмболизациясы, транскатетерлiк химиоэмболизациясы өткiзгiштiгi бұзылған науқастарға екi және бiр камералық ЭКС имплантациясын көбейту, кава-фильтрлердiң имплантациясын ұлғайтуды, қан жүру (FFR) фракциялық резервiн өлшеумен (IVUS) қантамыр iшiнiң ультрадыбысын енгiзудi, қатерлi гипертониямен ауыратын науқастардың бүйректiк артериясының денервациясын өткiзу, қолқа қақпашасын (TAVI) транскатетерлiк имплантациясын енгiзудi жоспарлап отыр.

Рентгенэндоваскулярлық хирургия және сәулелiк диагностика бөлiмшесiнiң қызметi

Оның кәсібі — адамдарды емдеу

Дмитрий Валерьевич Те — көпшілікке танымал, жан-жақты және таңқаларлық қызықты тұлға. Ол тек медициналық ортада ғана емес, сонымен қатар облыста және одан тыс жерлерде де танымал. Дмитрий Валерьевич Қоғамдық өмірде белсенді, сабақ беруде ерекше көзге түсті, мобильді қосымшалардың авторы, бірнеше тілдерді біледі, ал 2016 жылы «ҚР жыл дәрігері» байқауында үшінші орын алды.

Дмитрий Те, кардиологиялық орталықтың рентген-хирургы:

 — Соңғы Жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев денсаулық сақтауды цифрландыруға ерекше көңіл бөледі. Мен мұның артында үлкен болашақ бар екеніне сенімдімін. Мен осыған байланысты белгілі бір шешім таба алдым. Басқа елдерде тағылымдамадан өтіп жүргенде, мен барлық гаджеттерде онлайн режимінде кеңес алуға немесе қызықтыратын сұрақтарға мониторинг жүргізуге қарамастан, белсенді түрде қолдануға болатын қызмет бар екенін көремін.

Ол кітап сүйгіш. Дмитрий Валерьевич көп оқиды, әр түрлі жанрдағы әдебиеттерге қызығушылық танытады. Медициналық кітаптар, бизнесті дамыту, шешендік өнер және әрине, Елбасының барлық басылымдары.

Мария Шингурова, с. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қызметкері:

 — Біз Дмитрий Валерьевичпен 3 жыл бұрын таныстық, оның пациенті болдым. Мен оны керемет дәрігер, жоғары білікті маман ретінде білемін. Дарынды адам, барлық жағынан дарынды. Ол әр түрлі әдебиеттерді өте көп оқиды, бұл психология да, бизнес те. Оның сұраулары да жан-жақты.

Корр: қоғамдық өмірде белсенді, бірнеше тілді біледі, ал 2016 жылы «ҚР Жыл дәрігері» байқауында үшінші орын алды. Мұндай белсенді өмір жүктемесін көтеру, допингсіз мүмкін емес. Дмитрийдің осындай қуаттандыратын құралы бар. Бұл — спорт. Ол мектеп қабырғасынан бастап баскетболмен айналысады.

A+ A A-